№19 орта мектебінде психологиялық қолдау шарасы өтті

2025 жылдың 21 қаңтар күні «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының жоспарына сәйкес орталық психологі Г. Калиева мен әдіскері Д. Сартаева «Үйлесімділік» жобасы аясында №19 орта мектебінің 5-6 сынып оқушыларымен сауалнама, «Мой класс, мой мир» тренингі мен «Автопортрет» және «Человек под дождем» проективті әдістемелері өткізілді.

Мақсаты: Оқушылардың эмоционалдық және тұлғалық ерекшеліктерін анықтап, олардың ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын дамытуға ықпал ету, сондай-ақ өз ортасы мен ішкі әлемін тереңірек түсінуге көмектесу.

Оқушылар тренингке белсенді қатысып, өз ойларын еркін білдірді. Бұл іс-шара ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын дамытуға және балалардың өз ортасы мен ішкі әлемін тереңірек түсінуіне ықпал етті.

Scroll to Top