Ата-аналарға аутодеструктивті мінез-құлық пен буллинг туралы түсіндірме жұмыстары
Ақтөбе қаласының №30 қазақ орта мектебінде ата-аналарға жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлық, буллинг, зорлық-зомбылық және жыныстық қолсұғылмаушылық тақырыптарында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараны орталық директорының орынбасары А. Тоқсанбаева мен психологиялық бөлімнің психологы А. Саекешова ұйымдастырып, өткізді. Кездесу барысында мамандар ата-аналарға жасөспірімдердің психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың мінез-құлқындағы өзгерістерді дер кезінде анықтау және алдын алу бойынша маңызды ақпарат берді.
Ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, бала тәрбиесіне байланысты пайдалы кеңестер мен нақты жауаптар алды. Кездесу ата-аналар мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталды.
Бұл шара ата-аналар арасында жоғары қызығушылық тудырып, жасөспірімдердің дамуына ықпал ететін маңызды мәселелерді бірлесіп талқылауға мүмкіндік берді.