Орталық мамандары Мұғалжар жалпы білім беретін мектебінде буллинг және құқықбұзушылық мәселелерін талқылады.

Мұғалжар жалпы білім беретін орта мектебінде оқушылар арасында «Буллинг және құқықбұзушылық» тақырыбында ақпараттық-түсіндірме кездесу өтті. Шараның мақсаты – оқушыларға буллингтің зияны, оның алдын алу шаралары және құқықтық жауапкершілік туралы  түсіндіру.

Сонымен қатар мектеп педагогтары мен аудан психологтарына әдістемелік көмек көрсетілді. Кездесу барысында орталық әдіскерлері, педагогика ғылымдарының магистрі Л.К. Бердібекова мен Н.Н. Өтеп, ата-анамен тиімді жұмыс жүргізу жолдары мен қарым-қатынастың маңыздылығы туралы тәжірибесімен бөлісті. Олар қатысушыларға арнайы тренингтер өткізіп, педагогикалық және психологиялық әдістерді жетілдіру бойынша ұсыныстар берді.

Шара аясында қатысушыларға әдістемелік материалдар таратылып, мамандар арасында пікір алмасу ұйымдастырылды. Мұғалімдер мен психологтар өз ойларын ортаға салып, буллинг пен құқықбұзушылықтың алдын алу жолдарын бірлесіп талқылады.

Осындай іс-шаралар білім беру мекемелерінде қолайлы орта қалыптастыруға және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

Scroll to Top