2025 жылғы 9 қаңтарда ҚР Еңбек Ері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты және «Ардагерлер Ұйымы» РҚБ Орталық Кеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Дания Еспаева, Қазыбек Әлішев, Жұлдыз Сүлейменова Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында “JAN AHUAL” психологиялық қолдау орталығының жұмысымен танысты.
Ақтөбе облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Дина Ұзақбайқызы Жаманбаева қонақтарға мекеменің негізгі бағыттарын, жүзеге асырылып жатқан жобаларды және психологиялық қолдау көрсетудегі нәтижелерді таныстырды. Кездесу барысында орталық мамандары қонақтарға психологиялық қолдаудың негізгі тәсілдері мен әдістері туралы ақпарат берді. Сондай ақ, эмоционалдық және психологиялық денсаулықты нығайтуға бағытталған жұмыстардың нәтижелерімен бөлісті.