2025 жылғы 23 қаңтар күні “JAN AHUAL” психологиялық қолдау орталығының жоспарына сәйкес С.Жиенбаев атындағы Aқтөбе облыстық жасөспірімдер кітапханасында “Баланың эмоционалды қажеттіліктерін түсінудегі ата-ананың рөлі” тақырыбында жалпы орта білім беру ұйымдарының ата-аналары мен класс жетекшілеріне арналған психологиялық жүздесу өтті.
Шараны орталық мамандары М.Сарсенгалиева мен Л.Бердибекова жүргізіп, “Өмірлік рөлдер” және “Саналы бала тәрбиесі” тақырыптарында баяндама оқып, “Құндылықтар дүкені” тренингін өткізді.
Тренинг аясында қатысушылар өзіне қажетті құндылықтарды, мықты қасиеттерді таңдап алу арқылы ұстанымдарын жақсы ойлармен толықтыра білді.
Ата-аналар сұрақтар қойып, жауаптар алып, жақсы еркін тілдесу болды.