2025 жылғы 14 ақпан күні «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының жоспарына сәйкес облыстық білім беру ұйымдарының психолог мамандарының қатысуымен «Іздену. Білім. Тәжірибе тарату» тақырыбында семинар өтті. Іс-шара барысында аудан педагог-психологтары өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Алға ауданы, Тоқмансай орта мектебінің педагог-психологі К.Ж. Құнаева «Аутодеструктивті мінез ерекшеліктері бар оқушылармен жүргізілетін қарым-қатынас жаттығулары» тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, Әйтеке би ауданы, Мамыт негізгі орта білім беретін мектебінің педагог-психологі С.О. Оразбаева «Жасөспірімдердің қарым-қатынасын тренингтер арқылы қалыптастыру» атты тәжірибесін ұсынды.
Семинар барысында әдістемелік таратпа материалдар ұсынылып, сұрақ-жауап, пікір алмасу алаңы құрылды. Қатысушылар белсенділік танытып, өз кәсіби қызметінде қолданатын жаңа идеялармен толықты. Семинар соңында іс-тәжірибе таратқан мамандарға Алғыс хаттар табыс етілді.