2025 жылғы 20 ақпанда “JAN AHUAL” психологиялық қолдау орталығының маманы Л. Бердібекова “Отбасы құндылықтары және баламның болашағына сеніммен қарау” тақырыбында 11-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған шебер класс өткізді. Шараның мақсаты – ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету, жасөспірімдердің маңызды өмірлік кезеңдерінде оларға дұрыс бағыт-бағдар беруге көмектесу.
Шараны “JAN AHUAL” орталығының директоры А. Айтбаганбетов ашып, орталықтың қызметі мен психологиялық қолдаудың маңыздылығы туралы айтты. Орталық директорының орынбасары М. Жұбандықова ата-аналарға педагогикалық-психологиялық қызметтің рөлі мен оның бала тәрбиесіндегі маңызын түсіндірді
Бағдарлама аясында “Отбасы құндылықтары, тәрбие принциптері” тақырыбында ата-аналарға отбасындағы қарым-қатынастың маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар “Теңгерім дөңгелегі” және “Саналы бала” практикалық жаттығулары ұйымдастырылып, “Мен және менің болашағым” психологиялық қолдау сабағының негізгі бағыттары айтылды.
Шара соңында ата-аналар өзара тәжірибе алмасып, маңызды кеңестер алды. Қатысушылар шебер кластың пайдалы болғанын атап өтіп, балаларының болашағы үшін жаңа білім мен дағдылар алғандарын айтты.