«Іздену. Білім. Тәжірибе тарату» семинары өтті

2025 жылғы 31 қаңтар күні психологиялық қолдау орталығының жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласының білім беру ұйымдарының педагог-психологтары өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинардың негізгі мақсаты – педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, тәжірибе алмасу және білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет сапасын жақсарту.

Спикерлер мен баяндамалар:

  • Г.Т. Байтлеуова (№35 “Балбұлақ” балабақшасының педагог-психологы) – «Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық деңгейін ойын арқылы дамыту»
  • Ж.Т. Нурмаханова (№1 орта мектептің педагог-психологы) – «Эмоционалды резервтің сақталуы»
  • Р.Н. Аяпбергенова (№52 негізгі мектептің педагог-психологы) – «Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен психологиялық жұмыс»

Семинар барысында:

  1. Әдістемелік таратпа материалдар ұсынылды
  2. Пікір алмасу алаңы құрылды
  3. Қатысушылар белсенділік танытып, өз ойларын ортаға салды

Бұл шара білім беру ұйымдарындағы психологиялық қолдау сапасын жақсартуға және педагог-психологтардың кәсіби дамуына ықпал етті. Қатысушылар семинардан маңызды ақпараттар алып, өз тәжірибелерін толықтыруға мүмкіндік алды.

Scroll to Top